«Атырау-Астрахань» автомагистралі биыл тапсырылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атырау-Астрахань» автомагистралі биыл тапсырылмайды

22.06.2022

Ел үшін маңызды «Атырау-Астрахань» автомагисталінің құрылысы биыл тапсырылмайтын болды. Жобаның мерзімінен кешігуіне жауаптылардың салғырттығы себеп.

Қазір 277 шақырымдық күрежолдың тек 60 километрі ғана пайдалануға берілген. Мәжіліс депутаты Сәлімжан Нақпаев жұмысты жүйелі ұйымдастыра алмай отырған министрлікті сынға алып, Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына сауал жолдады. Оның сөзінше, жол салу қарқыны өте баяу. Бұл халықтың наразылығын тудырып отыр. Оның үстіне тозығы жеткен жолдың кесірінен көліктер де жиі апатқа ұшырайды.

Депутат құрылысты аяқтау үшін жол картасын жасақтауды ұсынды. Құны 84,7 миллиард теңге тұратын жоба келер жылы аяқталады деп жоспарлануда. 

Сәлімжан Нақпаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жол құрылысына өзіңіздің баруыңыз және жеке бақылауыңызға алуыңыз қажет. Осы орайда біріншіден, «Атырау-Астрахань» тасжолының құрылысын аяқтау үшін әрбір жол учаскелеріне арналған әрқадамдық жол картасын жасақтау, екіншіден, осы жобаның барысы жөнінде арнайы жиналыс ұйымдастырып, жол құрылысында болып жатқан қиындықтарды ашық айту қажет.

Хабарламаларға жазылу