Қостанай облысында боранда жоғалған екі адамның денесі табылды
Қостанай облысында боран кезінде Степное ауылынан көрші елді мекенге жаяу шыққан 58 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересі жоғалып кеткен еді. Өкінішке қарай, екеуі де өлі табылды. Қазір аймақта боран саябырсып, облыстық маңыздағы барлық жол ашылды. Дегенмен көктайғақтың салдарынан бірнеше аудан мен екі қалада оқушыларға сабақ онлайн өтіп жатыр. Әлі 114 елдімекен жарықсыз отыр. Кеше желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетіп, электр желілері үзілген. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жолда қалған 24 жолаушы қауіпсіз жерге жеткізіліп, 300-ден астам адам жылыту орындарына орналастырылған. Боранда адасқан 4 балықша мен бір бақташы құтқарылды.
Бақыт Оразов, ТЖД басқарма басшысы:
Кешеден бері іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Бүгін сағат 11:59-да жоғалған әйел адам мен оның немересінің денесі, өздері тұратын үйден 200 метр қашықтан табылды. Олар үсіп кеткен.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12