Ресей Қазақстанға үш ЖЭО салып береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Қазақстанға үш ЖЭО салып береді

26.12.2023

Ресей Қазақстанға үш жылу орталығын салып береді. Президенттің Санкт-Петербургке сапары барысында Самұрық-Қазына компаниясы осындай келісімге қол қойды. Сонымен қатар Екібастұз қаласында жаңадан қос энергия блогы салынады. Сонда елдің жарыққа тапшылығы едәуір жойылмақ. Ал Көкшетау, Семей және Өскеменде құрылыстан соң, жылу проблемасы толық шешіледі.

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

Семей және Өскемен қалаларында 2027 жылы іске қосамыз. Ал Өскеменде 2030 жылы қосамыз. Бұл жүйе біздің электр жүйеміздің қуатын бір гигаватқа арттырады. 

Хабарламаларға жазылу