Пиротехниканы заңсыз сатқандарға 86 мың теңге айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пиротехниканы заңсыз сатқандарға 86 мың теңге айыппұл салынады

25.12.2023

Пиротехниканы заңсыз сатқандарға 86 мың теңге айыппұл салынады. Бүгін саудагерлерді тексеру басталды. Тиісті талап сақталмаған өнімдерді саудалауға жол берілмейді. Бірден тәркіленеді. Пиротехниканы сатып алу кезінде ең алдымен сатушыдан өнімнің сертификатын талап ету қажет. Әр өнімнің қазақ және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулығы болуы тиіс. Сатып алушылар отшашудың жарамдылық мерзіміне назар аударуы керек. Ал пиротехникалық бұйымдармен тұрғындардың тыныштығын бұзғандарға 17 мың теңгеден айыппұл салынады. Яғни, жұмыс күндері түнгі 22:00 ал мереке, демалыс күндері түнгі 23:00-ден кейін тұрғын шағым түсірсе, пиротехниканы қолданушыға айыппұл салынады. Ал тұрғындардың тыныштығын ірі кәсіпкерлер бұзса, оларға 345 мың теңге айыппұл қарастырылған.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу