Egov.kz платформасына бала туралы деректі ата-ана қосуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Egov.kz платформасына бала туралы деректі ата-ана қосуы керек

25.12.2023

Электронды үкімет платформасында еліміздегі кейбір балалардың цифрлық құжаттары жоқ екендігі анықталды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті. Сондықтан ата-аналар балалары туралы дереккөздерді платформаға енгізу үшін, egov.kz-ке кіріп, «Баланы қосу» деген батырманы басу керек. Сол жерге баланың ЖСН нөмірін енгізу арқылы тіркеуге болады. Ал тіркеу кезінде ақпарат шықпай жатса, «Түзету» батырмасына өтіп, өз құжатыңызды, балаларыңыздың туу туралы куәлігін енгізу керек.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасына ата-аналар ешқандай құжат жинамайды. Жобаға барлық бала қатысады. Баланың шотына түскен ақшаны электронды үкімет және Бірыңғай жинақтаушы қорының порталдарынан тексеруге болады.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу