«Бала жаны басқа әлем» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бала жаны басқа әлем»

03.06.2015
«Бала жаны басқа әлем»

Бала және ата-ана, бала және қоғамдық орта, бала және бүкіл әлем... Бірде гүл, бірде тікенді, бірде жаз, бірде аязды, бірде дос, бірде мүлдем бөтен. Осы үш ортада бала өседі, жетіледі, қалыптасады.

Қандай адамға айналады? Баланың тұлға болып қалыптасуы үшін не істеу керек? Сәбидің жетілуіне қоршаған орта қаншалықты әсер етеді? Отбасындағы қиындықтардан баланы қалай сақтаған жөн? Баланың еңбекке ерте араласқаны дұрыс па?

Бүгінгі «Айтуға оңай...» хабары  әртүрлі себептермен психологиялық соққы алған балалар туралы әңгіме өрбітпек. 21:05-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу