Қызылорда облысында электр энергиясы негізсіз қымбаттатылған
Қызылорда облысында электр энергиясын таратушы компаниялар тарифті негізсіз өсірген. Олар тоқ көзін өндіру және өткізуге қатысы жоқ шығындарды есепке қосып, бағаны көтерген. Мәселен, ғимарат пен көлікті жалға алу, баспасөзге жазылу секілді шығындарды тарифке қосқан. Жергілікті әкімшілік пен квази-мемлекеттік мекемелерге жоғары баға қойылып, бюджеттен төленіп келген. Заңбұзушылықтарды экономикалық қылмысқа қарсы департаментінің мамандары анықтап, электр энергиясының құны 18 пайызға төмендетілді. Құзырлы орган енді жеке сектор мен кәсіпкерлерге қатысты тарифті жіті тексермек.
Нұрбол Әлкебайұлы, облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі:
Аталған тариф енді 38 тг-ден 31 теңгеге түсті. Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап күшіне енді. Тұрғындардың тарифін ол да жоспарда бар, ол жағынан да жұмыс істеп жатырмыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04