Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуінен ауылдарды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуінен ауылдарды су басты

14.05.2020
Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуінен ауылдарды су басты

13 мамырда Түркістан облысы Төлеби ауданында Қасқасу өзені арнасынан асып, ауыл арасындағы 4 көпірді су шайып кетті. Сонымен қатар Екпінді ауылының 4 жеке тұрғын үйіне және 15 үйдің ауласына су кірген. Киелітас, Сұлтан-Рабат, Достық елді мекендеріндегі 77 тұрғын үйдің ауласын су басқан. Осы жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылды.

Сонымен қатар Қазығұрт ауданының Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтеріндегі үйдің ауласын жаңбыр суы басқан. С.Рақымов ауыл округіндегі Көкібел су қоймасының (151,0 мың м3) толуына байланысты Көкібел елді мекеніндегі 27 отбасы эвакуацияланды. 

Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекеніндегі жауын-шашын салдарынан Тұтарық каналы 4 жерінен бұзылып, ауылды су басқан. Тұрғындардың дені Ақбастау ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебіне эвакуацияланды. 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының, Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан арықтың суы тасыды. Салдарынан 60 тұрғын үй аулаларын су басып және 3 шаруашылық нысан қирады. Табиғат апатынан қаза тапқандар жоқ.


Хабарламаларға жазылу