Петропавлда жаңа тұрғын үйде жылу нашар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жаңа тұрғын үйде жылу нашар

22.12.2023

Петропавлда жаңадан салынған екі көпқабатты үйдің тұрғындары былтырдан бері жылуға жарымай отыр. Тұрғын үйдің бірі өткен жылы, екіншісі биыл қолданысқа берілген. 100-ден аса пәтердің 70 пайызы сатылып, иелері қоныстанған. Көпшілік былтыр да қыс бойы электр жылытқышпен күнелткендерін айтады. Коммерциялық баспананың шаршы метрі 310 мың теңгеден сатылған. «Бағасына сапасы сай болмай шықты», - дейді тұрғындар.

Мөлдір Мүкова, қала тұрғыны:

Терезелерден суық соғады. Содан кейін мына алаңның абаттандыру жұмыстары нашар. Жертөледе су турады үнемі. Жаз бойы жаңбыр жауды. Тұрғындар үнемі шағым жасай береді. Жиналыс қорытындысы бойынша ешқандай мәселесі шешілмейді.

Амангелді Тұрлыбаев, құрылыс компаниясының директоры:

Терезелердің мәселелері бар. Оған біз подрядчикты шақырдық, осы жұманың аяғына дейін келеді. Біз пәтерлерді аралаймыз, бәрін тексереміз, жөндейміз.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу