Елімізде 900 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 900 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

21.12.2023

Бүгін Үкімет әлеуметтік салада атқарылған жұмыстарды қорытындылап, негізгі көрсеткіштерін жариялады. Аймақтық еңбекпен қамту картасы аясында, жыл басынан бері 900 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылған. Әрі биыл әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға шағын кәсіп ашу үшін 1,4 млн теңгеден грант берілген. Сондай-ақ жастарға да бизнес бастауға 5 мыңнан астам жеңілдетілген несие рәсімделді. Оның соммасы – 25 миллиард теңге. Бұдан бөлек, есепші, экономист, заңгер, жүргізуші, электрик,аула сыпырушы, күзетші секілді мамандардың жалақысы 20 пайызға артқан.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында 1 шілдеден бастап бірқатар жәрдемақылар қосымша 14,5 пайызға артты. Сондай-ақ еңбекке қабілеттігінен айырылу және де асыраушысынан айырылу фактілері бойынша әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға көбейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу