Астанада 404 адам жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 404 адам жұмысқа орналасты

09.10.2014
Астанада 404 адам жұмысқа орналасты

Қазақстанда «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Астанада жастар практикасы бойынша 404 адам түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасты.

Жыл басынан бері бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша 3 536 адам жүгінген.

«Оқыту және жұмысқа орналасуға көмектесу» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында Астанада 535 адам кәсіби білім алады. Жұмысқа орналастыруды барынша тиімді ету үшін кәсіби практикаға жіберілетін тұлғалармен төрт жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Сонымен қатар, бағдарламаның әрбір қатысушысымен жұмыс берушінің талаптарын және жұмыс іздеушінің ниет-тілектерін талқылау бойынша жеке әңгімелесу өткізіледі.

Астанадағы тапшы мамандықтарды анықтау үшін Жұмыспен қамту орталығы жүргізген арнайы мониторинг бойынша қазіргі кезде еңбек нарығында техникалық және құрылыс мамандарына сұраныс жоғары, деп жазады astana.kz сайты. 

Сурет: astana.kz

Хабарламаларға жазылу