Жетісу облысында «А» гепатитін жұқтырғандардың саны өскен
Қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Жетісу облысында вирустық «А» гепатитімен сырқаттанғандар саны 7 есеге өскен. Егер өткен жылы індеттің ілмегіне ілінгендер саны небәрі 4 адам болса, биыл 29-ға жетіп отыр. 27 адамның диагнозы зертханалық сынамалармен расталған. Олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар саны – алтау. Науқастардың 28 пайызында гепатит адамнан адамға жұқса, 72 пайызында маусымдық сырқат деп белгіленген. Науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтар медициналық бақылауға алынып, иммундау жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Индира Күнбасова, Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Бұл жұқпа вакцинасы бар. Бұл вакцинаны енгізілгелі бері, мысалға біздің облыста 2011 жылдың қараша айынан бастап енгізілген. Сол жылдардағы сырқаттанушылықпен салыстырсақ, қазіргі сырқаттанушылық 7 есе төмендеді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12