Қытайда зілзала құрбандарының саны 130-дан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда зілзала құрбандарының саны 130-дан асты

20.12.2023

Қытайда зілзала құрбандарының саны 131-ге жетті. Тағы 700-ден астамы жараланған. Елдің солтүстік-батысында қуаты 6,2 баллдық жер сілкінісі дүйсенбі кешкісін болды. Одан Ганьсу және Циньхай провинциялары ең көп зардап шеккен. Бұл аймақта үйлер жермен-жексен болып, жолдар бұзылып, электр жүйесі істен шығып, сан мың адам жарықсыз және байланыссыз қалды. Апат болған аудандарға көмекке 4 мыңдай адам жіберілді. Олардың қатарында құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полицейлер, жауынгерлер және еріктілер бар. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейбір тұрғындар үйлеріне кіруіге қауіптеніп, 15 градус суықта лагерлерде түнеген. Себебі, зілзаладан кейін он сағат өткенде, жер тоғыз рет дүмпіп, олардың магнитудасы 3-4 балға жеткен.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу