Шымкентте 21 мың жас жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 21 мың жас жұмысқа орналасты

19.12.2023

Шымкентте биыл жоспардағыдан тыс тағы 5 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты. Оған мегаполистің инвестициялық әлеуеттінің артуы мүмкіндік берген. Президент Жолдауында айтылғандай жастардың кәсіпкерлік бастамаларына мейілінше қолдау көрсетіліп, 6,5 мыңдай жас кәсіпкерлік негіздерін үйреніп шықты.

Надира жоғары оқу орнын бітірісімен бірден жұмысқа орналасты. Медициналық клиникада зертхана қызметкері болып еңбек етіп жүргініне 5 айдан асты. Алғашында еңбек өтілінің жоқтығын, тәжірибесіздігін алға тартып, көп жер жұмысқа алғысы келмеген-ді. «Алғашқы жұмыс орны» бағадарламасының арқасында қазір тұрақты ісі, ай сайын алатын табысы бар.

Надира Тұрар, медициналық зертхана қызметкері:

Жұмыспен қамту орталығына тіркелу арқылы медицина орталығына келіп, өзімнің біліктілігіміді, теориялық білімімді практикалық түрде дамытып жатырмын.

Ал ІТ мамандығын игерген Жадыра қазір тігін шеберханасын ашып, жеке кәсіппен айналысуда. Жұмыспен қамту орталығының көмегімен кәсіпкерлік негіздерін оқып үйренді. Іле шала «Бизнес бастау» арқылы грантқа ие болып, ісмерлікке қажетті заттарын сатып алды. Жастарға арналған қайтарымы аз несиені де өз ісіне жарата білді. Қазір өзінен бөлек тағы екі адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жадыра Қайболдиева, кәсіпкер:

Тек грант қаржы емес, «Бизнес бастау» да бізге жақсы білім берді. Салықты қалай төлеу керек. Кәсіпті қалай жүргізіу керектігі туралы білім берді. Сол арқылы үй жағдайында кішкентай машинкамен басталған кәсібім қазір үлкен іске айналды.

Шаһарда биылдың өзінде 21 мыңнан астам жас еңбекке араласты. Бұл межедегіден 5 мың адамға көп. Оған мегаполисте кәсіпорындардың көптен іске қосылуы, индустриалды аймақтарда өндірістің дамуына мейілінше қолайлы жағдай туғызуы мүмкіндік берді дейді мамандар.

Шағдат Әсетұлы, еңбек мобильділігі орталығының басшысы:

Сол аймақтардағы кәсіпорындардың жұмыс берушілері жас мамандарға көптен сұраныс берді. Биыл 28 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Шымкентте жастардың тұрғын үй алуына да жағдай жасалуда. Биыл бұл санатқа кіретін 857 азамат баспаналы болмақ. Ал былтыр небәрі 300 жас қана қоныс тойын өткізген болатын.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу