Аргентинада қатты желден 13 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада қатты желден 13 адам қаза тапты

19.12.2023

Аргентинаның Буэнос-Айрес провинциясында қатты жел тұрып, нөсер жауын жауды. Одан жағалауда орналасқан қаланың 13 тұрғыны қаза тапқан. Сағатына 140 шақырым жылдамдықпен соққан екпінді жел ағаштарды, көше шамдарын құлатты. Конькимен сырғанау бойынша жарыс өтіп жатқан спорт клубының төбесі опырылған. Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.

 Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу