Польшаның оңтүстігінде күшті желден 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшаның оңтүстігінде күшті желден 5 адам қаза тапты

02.04.2024

Польшаның оңтүстігінде күшті жел тұрып, ағаштар құлаған. 5 адам қаза тапты. Мамандар желдің жылдамдығы сағатына 155 шақырымға жеткенін хабарлады. Үйлердің шатырлары ұшып, айнала аласапыран күйге енді. Екпінді желден зардап шеккен өңірлерде, қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар алдымен жолдарды құлаған ағаштар мен қирандылардан тазартуға кірісті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу