Жаяу жүргіншіге жол бермегендер «Сергекке» түседі
Бұдан былай жаяу жүргіншілерге жол бермейтін көлік жүргізушілері камераға түседі. «Сергек» интелектауалды жүйесінің бұл пилоттық жобасы әзірге Алматыда іске қосылды. Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері жаяу жүргінші жолында көлік қағып, қайтыс болғандардың көп екенін айтып, статистиканы жариялады. Сондай-ақ, «Сергек» енді көліктің алдыңғы орындығындағы жолаушылардың «қауіпсіздік белдігін» тағып-тақпағанын да түгел тіркеп отырады. Айта кетейік, бұл ережелерді елемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Талдау деректері бойынша, биылғы 11 айда автокөлік астында 556 жаяу жүргінші қаза тапты, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде. Жүргізуші тәртібін арттыру өліммен аяқталған жол апаттарының азаюына ықпал етеді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04