Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі: ғалымдар қоғам белсенділерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі: ғалымдар қоғам белсенділерімен кездесті

15.12.2023

Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі бойынша ғалымдардан жасақталған жұмыс тобы Шығыс Қазақстан облысының белсенді азаматтарымен кездесті. Қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің төрағалары, мәслихат депутаттары және Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен өткен басқосуда сағаттық белдеуді өзгерту қажеттігі түсіндірілді. Ең басты пайда -- физиологиялық ұйқының ұзақтығын қалыпқа келтіреміз, дейді ғалымдар. Себебі дұрыс ұйқы адамның иммунитетіне тікелей әсер етеді. Сондай-ақ сарапшылар пайымынша, бірыңғай уақыт белдеуі экономикалық тұрғыдан да тиімді. Себебі логистика саласындағы кедергілер жойылады.

 Бауыржан Қасымов, ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:

Қазақстан Республикасындағы бизнес жүргізулер, келісімшарттар бар, келісімшарттардың ішінде уақыттар да бар екен. Бұл жаңағы орындау мақсатында. Соның бәрі бірыңғай уақыт болса, соның бәрін нақтылайды и жұмысын азайтады.

Аяужан Ашимова, «ШҚО азаматтық альянсы» ЗТБ төрайымы:

Бизнес саласында жүрген азаматтар қолдаймыз, біз үшін мына экономикалық жағынан тиімді деп айтса, басқа бір кейбір азаматтар оның маңызын түсінбей, не ол бізге не керек, біздің бір жарым сағатымызды алып қояды деген сияқты пікірлерін білдірді. Сондықтан дәл қазір бізге нақты сауатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін осындай ақпарат өте қажет. 


Хабарламаларға жазылу