«Qarmet» компаниясын жаңғыртуға 1,3 млрд доллар бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qarmet» компаниясын жаңғыртуға 1,3 млрд доллар бөлінеді

15.12.2023

«Qarmet» компаниясын жаңартуға 1,3 млрд доллар бөлінеді. Комбинатқа қажетті жабдықтар алып, өндірістік технологиялар мен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асырылады. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте жаңа инвестормен кәсіпорынның жұмысын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Қажетті шикізатпен қамтамасыз ету және құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары талқыланды. Премьер-Министр кәсіпорын жұмысшылар алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы орындау қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, өндірісті одан әрі дамыту өнім көлемін ұлғайту және экологиялық заң бұзушылықтарды кезең-кезеңімен жою туралы тапсырма берді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу