Дағыстанда қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағыстанда қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті

16.08.2023

Дағыстан Республикасының астанасы Махачкалада өрттен қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті. Жергілікті тұрғындар мен жұмысшылар жанармай станциясының жанына барып, гүл шоқтарын қойып жатыр. Өткен тәулікте жол бойындағы көлік жөндеу шеберханасынан шыққан өрт осы станцияға жетіп, алапат жарылыс болған еді. 35 адам қаза тауып, 80-нен астамы жараланған. Зардап шеккендердің 64-і жергілікті ауруханада жатыр. Ал жағдайы ауыр 17 адам Мәскеудің медициналық орталықтарына жіберілді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу