Канадада автобус апатынан қаза тапқан жас хоккеисттерді еске алу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада автобус апатынан қаза тапқан жас хоккеисттерді еске алу рәсімі өтті

09.04.2018

Канаданың Саскачеван провинциясында автобус апатынан қаза тапқан жас хоккеисттерді еске алу рәсімі өтті. Оған мыңдаған адам жиналған. Қайғыға батқан жұрт құрбан болғандар жайлы сөз айтып, олардың жақындарына көңіл бірдірді.

Есте болса, жұмадан сенбіге қараған түні Тисдейл қаласы маңындағы тасжолда The Humboldt Broncos хоккейден жасөспірімдер командасы мінген автобусқа жүк көлігі соғылып, 15 адам ажал құшқан еді. Тағы 14-і жарақат алған. Ал, полиция деректерінше, фура жүргізушісі дін аман. Әуелі ол қамауға алынған болатын. Алайда, кейін босатылды. Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу