Австралияда «Джаспер» циклоны соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда «Джаспер» циклоны соққы берді

13.12.2023

Австралия жағалауындағы қалаларға тропикалық циклон жетті. Өңірде нөсер жауын құйып тұр. Жел сағатына 140 шақырым жылдамдықпен соққан. Мыңдаған адам электр жарығынсыз қалды. Тұрғындарға үйден шықпау туралы кеңес берілді. Теңізде алып толқын көтерілген. Ауа-райы мамандары су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті. Құрлыққа жеткенде циклон күші бәсеңдей түсуі ықтимал. Алайда келесі аптада ол қайта күшеюі мүмкін деген де болжам айтылды.

 Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу