Алматыда заңсыз құрылыс сүріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда заңсыз құрылыс сүріледі

12.12.2023

Алматының таулы аймақтарында заңсыз салынып жатқан 52 құрылыс нысаны анықталды. Сот олардың 11-ін сүру жөнінде шешім қабылдаған. Алғашқы болып «Хан» тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тапсырыс беруші құрылысты рұқсатсыз бастаған. Нысанның эскиздік жобасы келісілмеген, жұмыстың жобасын да алдын ала әзірлемеген. Қадағалаушы орган тарапынан бұған дейін жұмысты тоқтату жөнінде ескерту жасалған. Алайда, оны елемеген мекемені әкімдік сотқа беріп, тұрғын үй кешенін бұзу жөнінде құзырлы органдарға арызданған. Сот талапты қанағаттандырып, нысанды сүру туралы шешім шығарған. Аппеляциялық сот/ бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырған.

Олжас Төлебаев, қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

Оның ішінде 20 нысан бойынша бүгінгі таңда сот шешімі күшіне енді. 25 нысан бойынша сот талқылаулары жүргізілуде. 7 нысан бойынша талап-арыз біздің басқармамен бүгінгі таңда дайындалуда. Нысан бойынша толықтау бұзу жөнінде талап-арыз қанағаттандырылды. Бір нысан бойынша жартылай бұзу жұмыстары жүргізілуі керек. Қалған сегіз нысан бойынша біздің мәжбүрлі түрде берген нұсқаманы орындау керек.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу