Ақмола облысында инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жетті

11.12.2023

Ақмола облысында инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жетті. Оның 435 миллиарды - жеке инвестиция. Бұл туралы өңір басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесу барысында мәлім етті. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берген Марат Ахметжановтың айтуынша, аймақта бүгінде 154 жоба іске асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылған. Шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатыр. Жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші артқан. Сонымен қатар Мемлекет басшысына халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасы таныстырылды.

Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:

Қосшы қаласы мен Көкшетау қаласының бас жоспарын әзірлеу мәселесін баяндадық. Агломерация төңірегінде жасалып жатқан жұмыстарға көңіл бөлінді. Нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде Ақмола облысындағы ауыл шаруашылық өнімдерін тереу өңдеу мәселесі, инвестициялар тарту мәселесі және осы қысқы кезеңдегі халықты жылумен қамту мәселесі. 


Хабарламаларға жазылу