Мәжіліс депутаты үкіметтік бюджеттің техникалық дефолты жайлы ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты үкіметтік бюджеттің техникалық дефолты жайлы ескертті

10.12.2023

Экологияны жақсартуға бағытталған тағы бір жоба «Бұхара – Орал» магистральды газ құбырының үшінші желісін тарту. Қазір аймақтағы газ құбырлары 175 процент жүктемемен жұмыс істеп отыр. Ал жаңа желі іске қосылса өңірдің көгілдір отынға қажеттілігін алдағы 50 жылға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жаңа ірі жобалардың жүзеге асуына жағдай жасайды. Биылғы 10 айда Ақтөбеге 804 млрд теңге инвестиция тартылды. Барлық жоба үшін жасыл дәліз қағидаты енгізілген. Табысты жүзеге асқандардың бірі «Зерде» керамогранит зауыты. Құны 9 млрд теңге. 220 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 5 млн шаршы метр қыш плита шығарады. Ресеймен шекаралас болғандықтан өнімнің көп бөлігін көрші елге сатады.

Ғалымжан Елеуов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

2024 жылы келесі зауыт салғысы келеді. Соған жер көлемін үлкейтіп инфрақұрылымын болашақ болатын зауытқа біз жақындатамыз. Инвестиция келеді деген сөз. Тағы да салықты, жұмыс орнын көбейтеміз деген сөз.

28 триллион теңге. Бұл Қазақстанның жалпы мемлекеттік борышы. Оның 7,5 триллионы сыртқы қарыз. Дәл осы сыртқы борыштың жайын сұрап мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов осы аптада премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Мәжілісменнің дерегінше, 2026 жылы 3,5 триллион теңге қарызға қызмет етеді. Бұл - мемлекеттің барлық шығынының 14 пайызы.

Астана

Әділ Жұбанов, Қр Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Соңғы 15 жылда үкіметтік қарыз орта есеппен 28 пайызға , ал жалпы ішкі өнім көлемі 15 пайызға өскен. Осы қарқында жалғаса берсе 2030 жылға қарай шығындар жалпы ішкі өнімнің 49 пайызына жетуі мүмкін. 

Дефолтты болдырмаудың амалы: бюджетке түсімді ұлғайту дейді депутат. Ол үшін салық жеңілдіктерін қайта қарауды ұсынды. Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында 277 салық жеңілдігінің бар екені көрсетілген. Осы үшін 2018-2020 жылдар арасында 13 триллион теңгеге жуық қаражат шығын болған. Әсіресе сауда орталықтары мен дәрі-дәрмекті шеттен әкеліп қымбатына сататын фармацевтикалық компаниялар жеңілдік алып отыр дейді депутат.

Астана

Әділ Жұбанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

2010-2020 жылдар аралығында банк жүйесін қолдау үшін мемлекеттен 6,6 триллион теңге жұмсалған. Бұл қаражат кіріс ретінде қарастырылмайды. Ал банктер салық төлемей-ақ акционерлерге дивиденд төлеуге мүмкіндік алады. 5 жыл ішінде қазақстандық банктердің табысы 3 еседен астам өсті. Қазақстандық банктердің кірісі әлем бойынша өте жоғары, бірақ шығыны одан бірнеше есе аз.


Дефолтқа ұшыраған мемлекеттер не қарыз ала алмайды, не инвестиция тарта алмайды. Яғни, несие рейтингі құлдырап кетеді. Алысқа бармай-ақ қояйық, былтыр 4 сәуірде «Блумберг» агенттігі Ресейді сыртқы қарызы бойынша дефолт деп жариялаған еді. Қазақстанның сыртқы қарызының басым бөлігін халықаралық қаржы ұйымдарынан алған. Халықаралық Қайта Құру және даму банкіне 1,6 триллион теңге, Еуропалық Қайта Құру және даму банкіне 54 миллиард теңгеден астам қарыз. Экономист Жангелді Шымшықов бюджетке түсімді көбейтудің амалы техникалық саясатты қайта қарау дейді.

Астана

Жангелді Шымшықов, Экономист:

Әр кәсіпорын жұмыс барысында өзі жинақтап отыру керек амартизациясын. Жеке банк ашу керек амартизация жөнінде. Белгілі бір мерзімде амартизацияның өзі жаңа құрал-саймандарды сатып алуға жеткілікті болып шығуға тиісті.


Елдос Есенбол

Хабарламаларға жазылу