Басты Жаңалықтар Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр

Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр

Астанада полицейлер жаяу жүргіншілер жолына тастап кеткен электросамокаттарды арнайы тұрақтарға әкетіп жатыр. Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, самокат тебетіндер электр көлігін қаланың кез келген жеріне қалдыра салуды әдетке айналдырған. Салдарынан жаяу жүргіншілерге кедергі де, қауіп те көбейген. Жыл басынан бері еліміз де дәл осы қос дөңгелекті техниканы тізгіндеген 20 мыңнан астам азамат жол ережесін бұзғаны анықталған.


Нұрлан Қапаров, қалалық ПД ЖПБ бастығының орынбасары:


Жолдағы қауіпсіздік тек кешенді тәсілмен ғана жүзеге асыру мүмкін. Бұл бақылау - заңнамалық шаралар және жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру. Барлықтарыңызды мұқият әрі жауапты болуға шақырамын.

Айта кетейік, жуырда Алматыда екі жасөспірім самокатпен ұшып келе жатып, кішкентай нәресте жатқан арбаны қағып кетті. Коляска аударылып, сәби аман қалды. Жолдауда  самокат мәселесіне Президент те тоқталып, заңға өзгерістер енгізілгенімен, қоғамдық орындарда қауіпсіздік мәселесі әлі де өзекті екенін атап өтті. Тұрғындар да электр көлігін тізгіндегендердің қауіпсіздікті сақтай бермейтініне наразы.


Бөлісу