Шахтадағы апат: Үкіметтік комиссия жұмысын қорытындылады
Костенко атындағы шахтада болған апатты тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысын аяқтады. Оның нәтижесі бойынша 46 кеншінің өмірін жалмаған апатқа жүз пайыз жұмыс беруші кінәлі деп танылды. Зерттеу жүргізген мамандар, газ төменгі төсемнен бөлінген, ал оның жарылуына жұмыс барысында соққы мен үйкеліс кезіндегі от ұшқыны себеп болған деп отыр. Бұдан өзге, комиссия өнерКәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғандығындығын жеткізді. Айталық, жұмыс толыққанды ұйымдастырылмаған және қауіпті өндірістік факторларға қажетті бақылау болмаған. Қауіпсіздікке атүсті қараған 19 жауапты тұлға анықталды. Еңбек заңнамасына сәйкес, тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04