Саясаттанушы: Парламенттің ықпалы артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саясаттанушы: Парламенттің ықпалы артты

08.12.2023

Биыл Парламенттің ықпалы артты. Саяси сарапшы Дәурен Базаров елдегі саяси реформаларға осындай баға берді. Биылғы сайлауда Мәжіліске 6 партия өтіп, оппозиция өкіліне дейін депутат атанды. Парламентке тек партиялық тізіммен емес, өзін-өзі ұсынып келгендері бар. Сарапшының сөзінше, сайлау жүйесіне енгізілген мұндай өзгерістер саяси бәсекелістікті арттырып, парламентті пікірталас алаңына айналдырған.

Дәурен Базаров, саяси сарапшы:

Парламентке жаңа партиялардың келуі Парламент қабырғасында көтерілетін сұрақтардың өзектілігін, оның салмақтылығын және сапасын жаңартып, жақсартты десек біз қателеспейміз. Депутаттық запростар арқылы көре аламыз. Яғни, депутаттық сауалнамаларда көтерілетін сұрақтардың өзектілігі жоғарылады. Сонымен қатар, елімізде қордаланған мәселелерді шешудегі заңнамалардың сапасы артты.

Ерлан Ахмеди, саяси сарапшы:

Алғаш рет осы жылы қыркүйектегі сессияның ашылардың алдында Үкімет жалпы осы көпшілікке Парламенттің алдында, Аманат партиясының алдында есеп берді. Яғни, жаңа осындай дәстүр қалыптасып жатыр. Осының арқасында парламентаризмнің дамуы, плюрализмнің дамуы, ең бастысы Үкіметтің есеп беру функциясын жан-жақта қылу өте маңызды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу