Қазақстан спортшысы ашық суда жүзуден әлем чемпионы атанды
Қазақстан спортшысы ашық суда жүзуден әлем чемпионы атанды. Алпамыс Әмірді Астана әуежайынан туыстары мен ұстаздары күтіп алды. Жалпы, Таиландта болған жарысқа әлемнің 70 елінен жүздеген спортшы қатысқан. 2 шақырым қашықтықта «Инсперэйшн» санатында отандасымыз оқ бойы оза шауып, 1-орын иеленді. Алпамысқа туғаннан аутизм диагнозы қойылған. Соған қарамастан талпынысы жоғары. Жас спортшы бәсекеге сәуір айынан бастап дайындалған. Айта кетейік, Oceanman әлем чемпионаты 20 жылдан бері өткізіліп келе жатқан спорттық жарыстардың бірі.
Дина Темірғалиева, «Интелликтуалды даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ президенті:
Оқушымыз әлем чемпионатына жолдаманы биыл Қонаев қаласында өткен дода жеңіп алды. Ол жерде де ашық суда жүзіп, үздік шықты. 1 жарым шақырымда өзінің санатында бірінші орын алған еді. Мен шәкіртіммен мақтанамын. Әлемдік сайыста еліміздің атын шығарып, өзінің мықтылығын дәлелдеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда АЭС 2026-жылы іске қосылады
22.12.2025, 10:27
ЕАЭО-ға мүше елдердің ІЖӨ көлемі 2 пайызға ұлғаймақ
22.12.2025, 10:26
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56