Елдегі иесіз электр желілерін жөндеу мүмкін болмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі иесіз электр желілерін жөндеу мүмкін болмай тұр

07.12.2023

Қазақстандағы электр желілерінің 66 пайызы қатты тозған. Біразының меншік иелері де жоқ. Сондықтан жөндеу жұмыстарын жүргізу де мүмкін болмай отыр. Ал оның зардабын көретін қарапайым халық пен кәсіпкерлер. Сенат депутаттары осылай деп Премьер-министрге сауал жолдады. Бірнеше жыл бұрын иесіз қалған желілерді электр жеткізуші компанияларға сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары басталған. Оларды алдымен әкімдіктер өз меншігіне алады, кейін кәсіпкерлердің басқаруына берулері тиіс. Бар шикілік те осы тұста дейді депутаттар. Әкімдіктер жұмысты өте баяу жүргізіп жатыр, кей желілердің жер актілері де жоқ. Сенаторлар мәселені шешудің нақты жолдарын да айтты.

Советбек Медебаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мынадай кезек күттірмес шараларды қабылдауды сұраймыз. Иесіз электр желілерін өңірлік энергия жеткізуші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеуісіз пайдалануға беру тетігін әзірлеу. Жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіп бойынша иесіз жерлер санын қысқарту жұмысын жеделдету. 


Хабарламаларға жазылу