2026 жылға дейін Қазақстанға тағы 120 мың педагог қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2026 жылға дейін Қазақстанға тағы 120 мың педагог қажет

18.11.2022

2026 жылға дейін Қазақстанға тағы 120 мың педагог қажет. Осылай деген Ғылым және жоғары білім министрі «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асып жатқанын жеткізді. Жоба аясында 800 мыңнан аса оқушыға арналған мектептер салынады. Білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыруға 2 трлн 600 млрд теңге жұмсалуы мүмкін. Қаржы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен кезең кезеңімен бөлінеді. Министр Саясат Нұрбек демографиялық өсімнің білім беру жүйесіне қатты әсер етіп жатқанын айтады. Үш жылда елде 1,5 миллионға жуық бала дүниеге келген. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу