АҚШ президенті Джо Байден келесі жылы неліктен сайлауға түсетінін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Джо Байден келесі жылы неліктен сайлауға түсетінін жариялады

06.12.2023

АҚШ президенті Джо Байден келесі жылы неліктен сайлауға түсетінін жариялады. Бірақ өткен айда 81-ге толған демократтар лидерінің жасына қазір партияластары да алаңдап отыр.

АҚШ президенті Джо Байден неліктен екінші мерзім үшін 2024 жылы бақ сынайтынын жариялады. Оны қайтадан мемлекет басқаруға итермелеп отырған негізгі фактор – республикалық партия өкілі Дональд Трамптың Ақ үйге оралу жоспары екен.

 Джо Байден, АҚШ президенті:

Менің алдағы уақыттан күтетінім мынау: ол сайлауға түссе, мен де түсемін. Егер ол қатыспаса, қатысатыныма сенбеймін. Біз оның жеңуіне жол бере алмаймыз.
Құрама Штаттар президенті мұндай мәлімдемені демократиялық сайлаушыларының өзі оның жасына қатысты алаңдап отырғанда жасады. Өткен айда Байден 81-ге толды. Соған қарамастан ол партиясынан кандидат болады деген болжам бар. Ал Трамп өзіне қарсы төрт қылмыстық іс қозғалса да, республикалықтар арасында үміткерлік үшін бәсекеде алда келеді. Трамп «Фокс-Ньюс» телекомпаниясына берген сұхбатында айтқандай, ол Байденнің тіпті кандидат бола алатынына сенбейді.

Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:

Өз басым, олай ойламаймын. Бұған бара қоймас. Меніңше, қазір оның физикалық жағдайы нашар.
Бүгінде Байденнің сайлауалды штабы Трампты демократияға төнген қатер деп көрсетуге кірісіп отыр. Ал Трамп Байденді қауіпті автократ деп сипаттап жүр.

Хабарламаларға жазылу