Жол саласы мамандарының жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол саласы мамандарының жалақысы өседі

06.12.2023

Жол саласындағы жұмысшылардың айлығы аз болғандықтан білікті маман тұрақтамайды. Ал елде жыл сайын 10 мың шақырым жол жөнделеді. Оның 3 мың 600 шақырымы республикалық, қалғаны жергілікті жолдар. Өзекті мәселе Көлік министрінің Түркістан облысына сапары барысында сөз болды. Жергілікті халықпен және осы салада еңбек етіп жүрген жұмысшылармен кездескен Марат Қарабаев жергілікті жолдарға қатысты көп сын айталатынын атап өтті. Жиында көліктік бақылау инспекцияларының қызметі мен теміржолшылар үшін зейнеткерлікке шығу жасын төмендету мәселелері де қамтылды. Ақылы жолдармен жүру тарифтерінің мөлшері туралы сөз болды. Министр Қазақстанда ақылы жолдардағы тарифтер ең төмен екенін айта келе, алдағы уақытта жолдағы жұмысшылардың жалақысы көтерілетінін жеткізді.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Келесі жылдан бастап әкімдік өз есебінен 15 пайызға көтеру жоспарлап отыр. Екіншіден ол кісілер аудандарда тағы да бір қосымша жұмыс алып, соның есебінен тағы да ақшасын көтереміз деп отыр. Үшінші мәселе біздің өзіміздің әрбір жолға бөлінген ақшаны келесі жылы көтеріп, нәтижесінде айлығын көтеруге тырысатын боламыз.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу