Мәжіліс депутаттары: Еңбек инспекторларының құзыреті күшейтілсін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары: Еңбек инспекторларының құзыреті күшейтілсін

06.12.2023

«Еңбек инспекторларының құзыретін күшейту керек». Мәжіліс депутаттары еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды жетілдіру туралы көшпелі отырыста осылай деді. Биыл кәсіпорындарға 5800-ден астам тексеріс жүргізіліп, 9 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған. Жазатайым оқиғалар саны шамамен 300-ге көбейген. Жыл басталғалы 2 449 жағдай тіркеліп отыр.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Адамның өмірі, оның қауіпсіздігін сақтау ол әрдайым жоғары тұруы керек. Сол себептен еңбек инспекторларына кез келген уақытта тексеру құзіретін, екіншіден – еңбек инспекторларының санын көбейту қажет, үшіншіден – еңбек инстпекторланың жұмысын, құзіретін реттейтін мүмкін бір агенттік құру керек шығар.


Жандос Темірғали 


Хабарламаларға жазылу