Түркияда тағы да жер сілкінді
Түркияда тағы да жер сілкінді. Бүгін таңертең елдің батысында екі рет жер тербелген. Зілзала, әсіресе, Ыстамбул мен Бурса қалаларында қатты сезілді. Жер дүмпуінен қандай да бір залал келді ма, жарақат алғандар бар ма оны бізбен тікелей байланысқа шығып тұрған тілшіміз Айдос Әшімұлынан білейік.
Айдос Әшім, тілші:
Бүгін таңертең он бірлер шамасында Ыстамбұлдың Еуропа бөлігінде және Бурса қаласында екі жер дүмпуі сезілді. Мамандар зілзала ошағы Мәрмәр теңізінің Гемлик шығанағында сегіз шақырым тереңдікте болғанын анықтады. Оның қуаты 5,1 балл болған. Елдің ішкі істері министрінің хабарлауынша қандай да ғимараттың қирауы немесе адамдардың жарақат алуы тіркелген жоқ. Қазір сейсмологтар жер сілкінген аймақта қосымша зерттеулер жүргізіп жатыр. Дегенмен жыл басында болған алапат жер сілкінісінен қорқып қалған тұрғындар көшеге шығып біразға дейін үйлеріне кірмей жүрді. Мамандар Мәрмәр теңізінің түбінде жер қыртысының жарығы бар екенін сондықтан да бұл өңірде жер дүмпулері жиі болатынын айтады. Сейсмологтар сондай ақ алдағы бір екі күнде тағы да осыған ұқсас тербелстер болатынын да ескертті. Дегенмен бұл тербелістердің аса қуаты емес екенін сондықтан тұрғындардың алаңдамауларын да айтты мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23