Бас прокурор: Ірі бизнесті тәртіпке келтіру мүмкін болмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокурор: Ірі бизнесті тәртіпке келтіру мүмкін болмай жатыр

04.12.2023
Бас прокурор: Ірі бизнесті тәртіпке келтіру мүмкін болмай жатыр

Ірі бизнесті тәртіпке келтіру мүмкін болмай жатыр. Бас прокурор Берік Асылов «Костенко» шахтасына қатысты депутат сауалына осылай деп жауап берді. Себебі, жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзғандарға ескерту немесе бар болғаны 500 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Ал ірі компаниялар үшін әкімшілік жазалар мардымсыз. Яғни, заңның солқылдақ тұсы көп. Сондықтан оларды «тәртіпке тарту» әдістері жұмыс істемейді. Оның айтуынша, заңға тәуелді актілерде жарақаттану және қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталған кәсіпорындарды жыл сайын тексеруге рұқсат беретін нормалар жоқ. Бас прокурор депутаттық сауалға берген жауабында «Арселор Миттал Теміртау» шахталарындағы соңғы апаттар бойынша Қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлім етті.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу