Ыстамбұлда қазақ өнерпазының концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстамбұлда қазақ өнерпазының концерті өтті

04.12.2023

Қазақстандық өнерпаздың «Рух терапиясы». Түркияның Ыстамбұл қаласында талантты виолончелист Бағжан Октябрьдің жеке концерті өтті. Екі мың адам жиналған кеште қазақ әндерімен қатар әлемдік танымал шығармалар да шырқалды. Бағжан жергілікті көрерменнің көзайымына айналған түрік сериалдарының әуенін де нақышына келтіріп ойнап берді. Ерекше форматтағы кеште барлық шығарма фонограммасыз ойналды. Түркиялық өнер сүйер қауым қазақстандық музыканттың өнерін ыстық ықыласпен қабыл алып, жоғары бағалады. Алдағы күндері Бағжан Октябрь Түркияның тағы бірнеше ірі қаласында концерт бермек.

Бағжан Октябрь, виолончелист:

Бірінші концертте бар жоғы 480 адам болды. Екінші концертті береміз дегенде мен айттым үлкен зал алып көрейік адам жиналып қалатын шығар деп. Үш аптаның ішінде осындай толық концерттік залды жинадық. Біз Қазақстанның өзінде кей қалаларда 500-600 адам жинай алмаймыз сол себепті қатты таң қалдық, өте бақытты болдық, шүкір деп айтам. Өздеріңіз көргендей халықтың 80 пайызы түрік болды.

Хауа, көрермен:

Ерекше кеш болды. Бұған дейінгі концертіне билет таба алмаған едік. Осы жолы да әрең таптық. Қазақ өнерпазының концертіне бірінші рет келіп тұрмыз. Өте ұнады. Әсіресе өзіміз бала күннен тыңдап өскен түрік сериалдарындағы әуендер ерекше әсер етті.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу