Ыстамбұлда «Бірлік» жастар ұйымы құрылды
Ыстамбұлда «Бірлік» жастар ұйымы құрылып, бірінші жиынын өткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылған ұйымның мақсаты шетелде білім алып жүрген шәкірттердің басын қосып, түрлі мәслелерінің шешілуіне мұрындық болу. Шетелде оқитын қазақстандықтардың саны бойынша Түркия алғашқы ондыққа кіреді. Қазірде мұнда үш мыңнан аса жас білім алып жүр.
Әлім Байел, Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулы:
Эпидемологиялық жағдайға байланысты біз жастарымыздың басын қоса алмай жүр едік. Енді міне бүгін Ыстамбұлда жастарымызды жинап, тамаша іс- шара өткіздік. Қонақ ретінде, Бурсадан, Сакариядан білімгерлеріміз келді. Ыстамбұлда оқитын қазақ жастарының ұйымын құрдық. Енді әрі қарай осындай іс- шаралар жалғаса беретін болады.
Аслан Серік, «Бірлік» жастар ұйымының төрағасы:
Бүгін Ыстамбұлдағы белсенді қазақ жастары тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Бірлік» қазақ жастары ұйымының негізін құрып, қаладық. Ұйымымыздың басты мақсаты, Ыстамбұлда жүрген студенттеріміздің студенттік өмірін барынша қызықты өтуіне және пайдалы өтуіне атсалысу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14
Қытайдың Цзянсу провинциясымен меморандумға қол қойылды
11.06.2026, 20:12