Ұлытау облысы Ақтау ауылының тұрғындары интернетке зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысы Ақтау ауылының тұрғындары интернетке зәру

01.12.2023

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтау ауылының тұрғындары сапалы интернетке зәру. Жұрт онлайн рәсімдеуге болатын қызметтер үшін 140 шақырым қашықтағы аудан орталығына сабылуға мәжбүр. Ал ұстаздар болса электронды журналға баға қоя алмай қиналады. Интернеттің жоқтығы оқушылардың да сабағына көп кедергі келтіруде. Елдімекенге 2021 жылы мұнара қойылып, желі тартылған. Оған қазынадан 12 миллион теңгеге жұмсалған. Алайда сапасыз істелген жұмыстың салдарынан интернет түгілі телефон байланысының өзі нашар,-дейді ашынған жұрт.

Әділет Төлегенов, Ақтау ауылының тұрғыны:

Комиссия келіп, ол вышканы қабылдады. Ол вышка мысалы үшін ертең үлкен лакатор қойған кезде оның металы да әлсіз көтермейді. Оны керіп қойған тростарының өзі сапасыз. Кей жерін сыммен жалғаған. 12 миллион ауаға кетіп тұр ғой. Бір үш миллион кеткен шығар шынына келсек.

Жұрт мәселені аудан, тіпті облыс әкімдігіне бірнеше рет айтқан. Бірақ, әлі күнге шешілмеген. Мамандар қазіргі тұрған мұнараның интернетті таратуға күші жетпейді,-деп отыр. Енді оны өзге сапалысына ауыстыруға кемі 150-200 млн теңге керек.

Диас Төлегенов, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация комитетінің басқарма басшысы:

Бүгінгі күні жағдай мынадай. Интернет операторлары Ұлытау облысы әкімдігіне тиісті құжаттар берген. Ол жаққа антенналық діңгек құрылымын орнату керек. Онымен қоса, жер берілу керек. Қазір оның барлығын орындау үшін, жұмыстар қолға алынды. Қаржы бөлу мәселесі де қарастылып жатыр.

Руслан Нұрланұлы


Ұлытау облысы

Хабарламаларға жазылу