Алматыда контрафактілік өнімдер жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда контрафактілік өнімдер жойылды

01.12.2023

Балаларға арналған Lego ойыншықтарын, танымал брендтердердің тауар таңбалары басылған жасанды өнімдерді сатқандарға қатысты 34 әкімшілік іс қозғалды. Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері жыл басынан 16 107 дана контрафактілік өнімді анықтаған. Құны 15 млн теңгеден асатын құлаққап, ойыншықтар, көлік саймандары мен киім-кешек жойылды. Бұл тауарларды Қытайдан заңсыз өткізген 28 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу