Кәсіпкерлер өз тауарының таңбасын мемлекеттік тіркеуден өткізуі қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер өз тауарының таңбасын мемлекеттік тіркеуден өткізуі қажет

29.04.2014
Кәсіпкерлер өз тауарының таңбасын мемлекеттік тіркеуден өткізуі қажет
Отандық тауар таңбасы шетелдік маркаға айналып кетпеуі тиіс. Ол үшін кәсіпкерлер өз тауарының таңбасын мемлекеттік тіркеуден өткізуі қажет. Сонда заң бұзушылық азайып, отандық бизнесмендер өнімдерін еркін экспорттап, елдегі экономиканың дамуына септігін тигізеді.
 
Бұл мәселе бүгін Алматыда «Өнеркәсіптік меншік саласындағы даму және бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында өткен республикалық семинарда көтерілді.
 
Бүгінде тауар таңбаларын тіркеу 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен. Бұл қадам кәсіпкерлердің құқығын қорғап, тұтынушылардың өнім сапасына деген сенімін арттырады. Контрафактілі өнімдердің таралуына тосқауыл қояды. 
 
Бүгінгі семинарда ЖОО, мәдени мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер, шағын және орта бизнес өкілдері зияткерлік меншіктің мүмкіншіліктері туралы көлемді ақпар алды.
 
Балжан Құтымова, Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалы оқу орталығының басшысы:
Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері халыққа жете бермейді. Шағын және орта бизнес өкілдері құқықтарын білмегендіктен контрафактілік өнімдер таралуда. Олардың жолын кесу мақсатында шаралар жүргізіліп жатыр.
 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу