Жас әскери ұшқыштарға дипломдар мен «Оқу озаты» кеуде белгісі табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас әскери ұшқыштарға дипломдар мен «Оқу озаты» кеуде белгісі табысталды

27.10.2014
Жас әскери ұшқыштарға дипломдар мен «Оқу озаты» кеуде белгісі табысталды

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының түлектеріне жоғары білім туралы дипломдар мен кеуде белгілері табысталды.

Жас ұшқыштарға, сондай-ақ, әскери институтта оқыған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанның әскери қызметшілеріне кіші офицерлік құрамның алғашқы «лейтенант» атағы берілді.

«Оқу озаты» кеуде белгісі мен үздік дипломды лейтенант Дмитрий Савчук алды. Оқу озаттары мен жауынгерлік даярлық үздіктері санатында Медет Ахметов, Асқар Азарқанов, Дүйсен Жарасбаев, Виталий Зайцев, Николай Кириллов, Азамат Күздібаев, Мейіржан Мадинов бар. Олардың есімдері Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының құрмет кітабына енгізілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Айта кетейік, түлектерге дипломдар мен кеуде белгілерін тапсыру салтанатына Қазақстан, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан қорғаныс мекемелерінің, Ақтөбе әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының өкілдері қатысты.

Хабарламаларға жазылу