Израиль мен Хамас арасында атысты тоқтату режимінің соңғы күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль мен Хамас арасында атысты тоқтату режимінің соңғы күні

27.11.2023
Бүгін - Израиль мен Хамас арасында атысты тоқтату режимінің соңғы күні. Бұл келісім күшінге енгелі Хамас 39 израильдік әйел мен 18 шетел азаматын кепілден босатқан.
Ал Израиль түрмелерден 117 палестиналық әйел мен баланы үйлеріне жіберді. Төрт күндік бітім кезінде бас-аяғы 50 израильдік пен 150 палестиналық босатылуы керек. Бұған дейін атысты тоқтату режимін ұзартуға мүмкіндік бар екені айтылған еді. Алайда 40-тан аса израильдік азаматты Газа секторындағы Хамас-тан басқа топтар кепілге алғаны анықталды. Хамас оларды табуға көмектескенде ғана Израиль уақытша бітім уақытын созуға келіспек.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу