Келесі жылы «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады

23.11.2023

Келесі жылы «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Оның сөзінше, бүгінде қолжетімді ипотека саналатын «7-20-25» бағдарламасына бөлінген қаржы негізгі сұранысты қамти алмай отыр. Сондықтан «Отбасы банк» пен Бәйтерек холдингі бірлесіп жаңа жоба әзірледі. Оның несие мөлшерлемесі – 9%. Бастапқы жарна – 20%. Қарызды 25 жылға бөліп төлеуге болады. Ал бағдарламаға жыл сайын 150 млрд теңге бөлінеді. Шамамен 8 мың отбасы баспанамен қамтылмақ. Бұл ипотека негізінен жастарға арналады.


Хабарламаларға жазылу