Жетісу облысында оқу орындарында жатақхана мәселесі толық шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында оқу орындарында жатақхана мәселесі толық шешілді

23.11.2023

Жетісу облысында жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жатақхана мәселесі толық шешілген. Биылдың өзінде өңірдегі екі колледж студентеріне жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Мұндай мүмкіндік Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесі. Президент елімізде жатақханалардағы орын тапшылығын бір жылда үш есе қысқартуды тапсырған болатын.

Шұғыла Мұратова Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің бірінші курс студенті. Шалғай ауылдан келген тәлімгер биылғы оқу жылы қарсаңында ашылған жатақханаға орналасты. Заман талабына сай жабдықталған ғимарат қонақ үйден кем емес. Әр бөлмеде жеке ас үй, тұрмысқа қажет техниканың бәрі бар.

Шұғыла Мұратова, Студент:

Біз бос уақытымызда өзіміздің инструменттерімізбен дайындалып қана қоймай, спортпен де айналыса аламыз. Және бұл жерде асханамыз бар. Неше түрлі ойындар ойнатылады. Конкурстар өтеді жатақханада.

100 орындық студенттер үйінің құрылысына 736 млн теңге мемлекет қаржысы жұмсалды. Дайындық бөлемелерінен бөлек, жаттығу залы, медициналық кабинет пен кір жуатын бөлме, кітап оқу залдары қарастырылған. Бұған дейін саз колледжінің жеке жатақханасы болмағандықтан студенттерді жайғастыру қиынға соғатын. Ал қазір еліміздің әр аймағынан жастар білім іздеп келіп жатыр.

Қайрат Кенжебайұлы, Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі директорының орынбасары:

Павлодар, Петропавл, Өскемен, Алматы жан-жақтан бірлі-екілі балалар келіп оқиды. Жайлы. Әмбе мамандар жақсы бізде. Соған байланысты. Байқауларға қатысып тұрады.

Жетісу облысындағы 22 колледж жатақханаларында 4,5 мыңнан астам жатын орны бар. Оның 3900-де студенттер тұрады.

Саят Батырбеков, Жетісу облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Үштөбе қаласында 100 орындық гуманитарлық колледжде 30 орындық жатақхана салынды. Міне осы жұмыстардың арқасында өңірде студенттердің орын тапшылығы жоқ деуге болады.

Президенттің сайлауалды бағдарламасының орындалуы өңір студенттерінің сапалы білім алуына қолайлы жағдай туғызып отыр. Мұны түсінген тәлімгерлер де жақсы оқып, білікті маман иесі атануға міндеттіміз деген пікірде.

Қуаныш Қанатұлы


жетісуоблысы

Хабарламаларға жазылу