Қостанайда мектептер қашықтан оқытуға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда мектептер қашықтан оқытуға көшті

22.11.2023

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше мектеп қашықтан оқытуға көшті. Аймақта бүгін жаңбыр жауып, көктайғақ болып тұр. Сондықтан Арқалық, Лисаков қалалары мен Майлин ауданындағы мектептерде сабақты онлайн өткізуге шешім қабылданған. Қарабалық, Амангелді, Денисов аудандарында көрші ауылдарға көлікпен қатынап оқитын шағын елдімекендердің оқушылары да бүгін мектепке бармайды.

Облыс аумағындағы барлық мектептер мен колледждерде таңғы ауысымдағы сабақ уақыты қысқартылды. Ал түстен кейінгі оқу процесі толық онлайн өтеді.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу