Қостанайда училище студенттері қашықтан оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда училище студенттері қашықтан оқиды

26.01.2021

Қостанайда кәсіби-техникалық училище студенттері қашықтан оқиды. Ал, бала саны 180-нен аспайтын мектептерде әр сыныпта 15 оқушыға дейін оқытуға рұқсат берілді. Сондай-ақ ата-аналардың келісімімен мектепалды және бастауыш сынып оқушылары да оқуын жалғастырады. Өзгесі қашықтан білім алады. Соңғы тәулікте аймақта 104 адамнан вирус анықталды. Үш күн бұрын бұл көрсеткіш 177-ге дейін жеткен еді.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу