Зейнетақы жинағындағы 1,5 трлн теңге инфрақұрылымға жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағындағы 1,5 трлн теңге инфрақұрылымға жұмсалады

21.11.2023

Зейнетақы қорындағы 1,5 трлн теңге инфрақұрылым жобаларына бағытталуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі мәлімдеді.

Алмасадам Сәтқалиев аталған қаржының қайтарымы екі есе болады деп сендірді. Себебі, Үкіметтің өзі акционер болып отыр. Ал қарыз алушы - «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары. Демек, еліміздің электр желісін жаңғырту мен генерацияға жұмсалатын қаржы толығымен бақылауда болмақ.


Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу