Республика бойынша 1,5 млн-ға жуық оқушы мектепте тегін тамақтанады
Биылдан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанып жүр. Күнде 1,5 млн-ға жуық оқушыға мектепте ыстық ас беріледі. Балалар жайлы, кең, заманауи мектепте білім алу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Аясында 2026 жылға дейін 750 мыңға жуық оқушыны қамтитын жаңа форматтағы мектептер салынады. Бұдан бөлек, 19 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 1 қыркүйектен бастап, мемлекеттік шәкіртақы да өсті. Оның ішінде бакалавр, магистратура, докторантура студенттері бар.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
2019 жылмен салыстырсақ, докторанттардың степендиясы онда 82 мың болса, қазіргі уақытта докторанттардың степендиясы 217 мың теңге. Жалпы жоғары оқу орындарына түсу үшін гранттар да көбейіп жатыр. Мемлекет басшының сайлауалды бағдарламасының шеңберінде 90 мың гранттан, осы колледждерге арналған қазір 133 мың грантқа дейін көлемі ұлғайып отыр. Олардың степендиясы да осы жылдан бастап, тағы да 50 пайызға көбейіп отыр.
Эльмира Отар, әлеуметтанушы:
Техникалық, айти салаларындағы мамандықтарға көңіл бөлінуі, жас ғалымдарға мүмкіндіктер берілуі Президенттің мақсатының жүзеге асуы деп тануымызға болады. Модернизациялық процестер орын алып жатыр.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04