Алдағы 3 жылда «Цифрлық теңге» ел аумағында толық енгізіледі. Яғни, 2025 жылдың аяғына дейін барлық қаржы нарығы қамтылмақ. Ал қазір жобаның бірінші кезеңі қорытындыланды. Елдегі 4 банк пен Қазпочта цифрлық ақшаны айналымға енгізді. Артықшылығы – цифрлық теңге интернет жоқ жерлерде де қолжетімді. Яғни, кез-келген жерде офлайн режимде төлем жасай аласыз. Тағы бір ерекшелігі – бағдарлау мүмкіндігі енгізілген. Мәселен, ата-ананың бақылау қызметі бар. Яғни, баласы ақшаны алкоголь немесе темекіге жұмсап жатса, бірден анықтай алады. Цифрлық теңге – ұлттық валютаның үшінші қосымша формасы. Қолма-қол ақша сияқты ол да эмитенттеледі. Алғашқы өнімдерді қазақстандықтар көп ұзамай пайдалана алады.
Ерлан Ашықбеков, ҚР Ұлттық банкі Төлем жүйелері департаментінің директоры:
Бұл жерде ешқандай да шектеу, қандай да бір қадағалау функциясы болмайды. Бұл жерде әрбір клиент жеке өзі құқылы. Оған қандай да бір өзінің қажеттіліктерін толыққанды қамтамасыз ету үшін ақшаны қандай формада және қалай жүзеге асырылуына тең құқылы дәрежеде дербестік беріледі.
Әсима Нұрбайқызы